Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Тасқын су толық кетті

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты.

"Жақсы жаңалығымды бөлісуге асығып отырмын! Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Әкімдіктің, ТЖК, әскери қызметкерлердің және Өзбекстанның ТЖМ өкілдерінің көмегімен қысқа мерзімде суды арнасына жіберу мүмкін болды", - деп жазды Қалқаманов.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген болатын.

Tengrinews.kz

675 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз