Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Мамыр, 2020

Еріктілер елорданың сауда орталықтарының жұмысын жандандыруға көмектесуде

Еріктілер келушілерге бетперде таратуда. Әрбір бутикте санитайзер орнатылған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. Елорданың сауда орталықтары карантин режимінің маңызды нюанстарын ескере отырып, өз қызметін жаңартуда. Оларға еріктілер көмектесуде. «Біз төтенше жағдай алынғалы адамдар қауіпсіздік шараларын елемейтінін байқадық. Қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Бұл қашықтықты сақтау, масканың болуы, антисептикалық заттарды жиі қолдану. Оның үстіне, олар барлық сауда орындарында берілуде», – дейді «Астана жастары» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин. Сауда үйлерін аралау кезінде келушілерге маскалар беріледі. Тәртіп сақшылары мен еріктілер аса маңызды санитарлық ережелерді еске салады. «Сауда орталықтарында міндетті түрде маска тағу керек. Сондай-ақ сізде қолғап пен антисептик болуы тиіс. Масканың жоқтығы үшін жазалау шаралары жоқ, келушілермен түсіндірме жүргіземіз», – деп түсіндірді Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Азамат Садықов.

731 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз