Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Мамыр, 2020

«Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі халықаралық онлайн жобаға қатысты

«Музыкалық ынтымақтастық». «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі халықаралық онлайн жобаға қатысты. Елордалық саз тобы «ТҮРКСОЙ» музыканттарымен бірлесіп Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» шығармасын орындады, деп хабарлайды ансамбльдің баспасөз қызметі.  Жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Башқұртстан, Өзбекстан, Әзербайжан мен Түркия елдерінің 30 астам ұлттық аспап орындаушылары атсалысты. Бейнебаян шығару үшін әр қатысушы өз партиясын смартфонға жазып алған. «Біз халықаралық музыканттармен онлайн жоба жасауды ерте бастан ойластырып қойған едік. Бұл мақсатымызды ойдағыдай жүзеге асырдық. Онда қазақтың ұлттық аспаптарымен түркі халықтарының қомыз, қыл қияқ, қурай, дойра, дарбука, бағлама және най сынды көне аспаптары үндестік тапты. Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында өнер үшін шектеу жоқ» деген қағиданы тағы бір дәлелдеп шықтық», - дейді «Қорқыт» ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек. Енді музыканттар «Üsküdar’a gider iken» түрік халық әнін орындауды жоспарлап отыр. Осылайша түркі тілдес халықтардың музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау көзделген.

2452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз