Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Мамыр, 2020

Қазақстан велоспорттан чемпионат өтеді

Қазақстан велосипед спорты федерациясы Халықаралық велосипедшілер одағының жаңа күнтізбесіне сәйкес ел чемпионаты өтетін жаңа мерзімді бекітті. Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, ел біріншілігі 16-23 тамыз аралығында Петропавл қаласында өтеді. 17 тамыз күні жасөспірімдер арасындағы критериум жарысы, 18 тамыз күні ересектер мен жасөспірімдер арасындағы командалық бәсеке ұйымдастырылады. 19 тамыз күні жасөспірімдер арасындағы жекелей сын, 20 тамыз күні ересектер арасындағы жекелей сын жеңімпаздары анықталады. 21,22,23 тамыз күндері топтық жарыс жоспарланған. Коронавирус індетіне байланысты алдағы уақытта өзгерістер болуы мүмкін. inform.kz 

559 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз