- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 27 Мамыр, 2020
Президент Тоқаев: Тіл комитетін Білім министрлігінің қарамағына беру қажет
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі өткен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл комитетін келер жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беру қажеттігін айтты.
«Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз керек. Бұл мәселеде Еуропа елдердің тәжірибесіне назар аудару қажет. Олар тіл үйрету барысында негізінен оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беру керек. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді», – деді Президент.
854 рет
көрсетілді0
пікір