Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Маусым, 2020

US Open турнирі биыл көрерменсіз өтеді

Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионаты – US Open додасы биыл көрерменсіз өтеді. Бұл туралы турнирді ұйымдастырушылар мен Нью-Йорк губернаторы хабарлады. Турнирдің өту уақыты өзгермейді. Теннис бәсекесі 31 тамыз бен 13 қыркүйек аралығына жоспарланған. «USTA ойыншылар мен олардың командаларын қорғау үшін барлық талаптарды мойнына алады. Тестілеу жоғары деңгейде жүргізіліп, тазалық жұмыстарына басымдық беріледі», – делінген хабарламада. Желіде жариялған ақпарат бойынша, турнир жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді. Сонымен қатар, биылғы US Open турниріне танымал теннис жұлдыздары қатыспауы мүмкін.  

865 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз