Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Маусым, 2020

Алматы: Жаңарған Бас ботаникалық бақ

Алматыда бірнеше жылға созылған реконстуркциялық жұмыстардан соң Бас ботаникалық бақ қайта ашылды. Бұл жұмыстарға 15 млн АҚШ доллары жұмсалған. Қазір бақтың үш жағынан кіруге болады. Олар: Темирязев көшесі; Атакент аймағы; Әл-Фараби даңғылынан.
Демалыс орны тек 15-21 маусым аралығында таңғы 10:00-23:00 барлық келушілер үшін тегін болмақ. Одан кейін прайс парақтағы бағаға сай кіру ақылы болады.
- Ересектерге – 500 тг, - Студенттер мен зейнеткерлерге - 300тг - Мектеп оқушыларына – 500 тг - Экскурсовод жалдау - 1000 тг - Студенттер мен зейнеткерлерге экскурсовод жалдау – 500тг - Кино, видео, фото түсірілім – сағатына 5000 тг - Фотоаппаратқа түсу сағатына - 3000 тг - 1 адамға үйлену тойына келу – 1000 тг - Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, 5 жасқа дейінгі балаларға – тегін. Ботаникалық бақ әкімшілігі фото және видео түсірілім коммерциялық, кәсіби фотоаппаратқа түсірілген жағдайда төленетінін ескертті. «Телефон камерасына, смартфонға, коммерциялық емес мақсатта түсірілген суреттерге ақы алынбайды», - деді әкімшіліктен. Тойға келген қалыңдық пен күйеу жігіт қана 1000 теңгеден төлесе, олармен еріп келгендер 500 теңгеден ғана төлейді. Бұл қаражат бақты бағып қағуға, күтім жұмыстарына жұмсалады. Реконстуркция жұмыстарына дейін ботаникалық бақ тарифтері екі есеге арзан болған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фито жерсіндіру институты» ШЖҚ-ғы РМК Бас ботаникалық бағы тірі топтамасында әлемдік флораның 6 мыңнан астам түрі өсетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ және ғылыми кәсіпорын болып табылады. Бұл баға жетпес қор – еліміздің Ұлттық игілігі.
Темирязев даңғылынан Әл-Фарабиге дейін жүз гектардан астам аумаққа созылып жатқан қаланың Басты ботаникалық бағы тас джунгли арасындағы оазис іспеттес. Бұл жерді бекерден «қаланың өкпесі» деп атамаған, мұнда Қазақстанның, Ресей, Қырым және Кавказдың, Солтүстік Америка мен Шығыс Азияның мыңдаған бірегей топтамасы жиналған. 80 жылдан астам уақыт бойы қазақстандық ғалымдар өсімдіктерді жинап, жергілікті климатқа бейімдеген.
Бас ботаникалық бақта раушанның 16, бөртегүлдің 3, сарымсақтың жаңа сорттары шығарылды. Eлді мекендерді көгалдандыру үшін ағаш пен өсімдіктердің 750-ден аса түрі ұсынылды. Бас ботаникалық бақты ұйымдастыру, ондағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу Н.В.ПавловЛ.Қ.ҚылышевИ.О.БайтулинИ.Р.РахымбаевБ.ҚалымбетовП.И.Лапин, т.б. ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Бас ботаникалық бақта сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерінің популяциялық және экол.-биол. ерекшеліктері зерттелді (Б.А. Винтерголлер). Жерсіндірілген өсімдіктердің өсіп-өнуіндегі заңдылықтар анықталып, олардың газға төзімділігін зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер (Рахымбаев, К.Н. Сәрсенбаев); тропикалық аудандардан әкелінген алуан түрлі өсімдіктерді пайдалану тәсілдері (С. Тұрдиев), жеуге жарамды саңырауқұлақтарды қолдан өсіру әдістері (С. Әбиев) ұсынылды. Мұнда Қазақстанның ботаникалық бақтары кеңесі жұмыс істейді. Бас ботаникалық бақ 48 мемлекеттің 350 ботаника бағымен әріптестік байланыс жасайды. Ғылыми еңбектер жинағын, монографиялар шығарып тұрады. Дереккөз: wikipedia.org
Институт 1932-ші жылы құрылған. Оның құрамында ауданы 103,6 га Басты ботаникалық бақ, ЖББ және ІББ филиалдары бар. Аумақтың мәртебесі – Республикалық маңызға ие ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстан Республикасының 2006-шы жылғы 07-ші шілдедегі №175-ІІІ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ туралы» Заңымен және 2005-ші жылдың 19-шы шілдесіндегі №776  ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Республикалық маңызға ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне» сай ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фито жерсіндіру институты» РМКБасты ботаникалық бағына, оның филиалдары Жезқазғандық және Іле ботаникалық бақтарына Республикалық маңызыбар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілген. Сәйкесінше аталмыш ұйымдар ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңының құзіретіне енеді.
Бұл заңға сай «Мемлекеттік ботаникалық бақ – табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ол өсімдік әлемін, оның ішінде жойылуға жақын және сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау, өндіру және пайдалану бойынша зерттеулер жасауға және ғылыми зерттемелер өткізуге арналған.
Ботаникалық бақтың экспозицияларына келу және танысу тек алдын ала келісілген сұраным бойынша экскурсия құрамында ғана рұқсат етіледі. Ботаникалық бақтың мамандары өсімдік түрлерін ажырату және өсімдіктерді баптау бойынша кеңес береді.

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ 

 

1342 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала US Open турнирі биыл көрерменсіз өтеді
Келесі мақала Жамбыл облысында 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *