Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Маусым, 2020

Белсенділер көлік жылдамдығын сағатына 30 км-ге шектеуді ұсынды

«Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған науқастарды таситын көліктердің жүктемесі 90 %-дан асатын қалаларда автокөлік жылдамдығын сағатына 30 шақырымға дейін төмендетуді және бұл көрсеткіштің камера арқылы қадағалануын ұсынамыз. Бүгінгі күні бұл Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары үшін аса қажет шара, себебі тұрғындар медициналық көмекті уақытында алуы тиіс», — деп жазды белсенділер. ⠀ Қоғам белсенділері әлемнің көптеген қалаларында эпидемияға байланысты рұқсат етілген жылдамдық шегі өзгертілгенін айтады. Urban Forum Kazakhstan сайтында жазылғандай, «Вашингтонда 2020 жылдың 1 маусымынан бастап жылдамдық сағатына 20 миляға (32.19 км/сағ) шектелді. Жаңа Зеландиядағы Окленд қаласында 30 маусымнан көлік жылдамдығы 30 км/сағ-қа дейін төмендетілді. Парижде де осы мәселе қарастырылып жатыр». ⠀ Вашингтондағы шектеу шараларының коронавирус үшін емес, жүргізушілердің босап қалған жолдарда жүйткуіне жол бермеу мақсатында енгізілгенін білуге болады. Оның үстіне бұл шара тек бірнеше көшені қамтиды.Оклендте де жылдамдық эпидемияға байланысты емес, жолдағы ірі апаттардың алдын алу үшін қолға алынып отыр. Мұнда да шектеу көшелердің бәріне қатысты емес. Ал Париж билігі жылдамдықты қаладағы машиналарды азайтып, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында төмендетпек. Мұның әлемді жайлаған індетке еш қатысы жоқ.

769 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз