Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Маусым, 2020

ФИФА Қазақстан футболына 1,5 миллион доллар бөледі

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) COVID-19 індетінің әсерімен күресуге көмектесу үшін конфедерациялар мен ұлттық футбол федерацияларына 1,5 миллион доллар көлемінде көмек көрсету жоспарын дайындағанын мәлімдеді. Әлемдік футболдың басқарушы органы ұлттық федерацияларға қаржы шығындарын жабу үшін бірқатар гранттар мен пайызсыз қарыздар беру үшін өз резервтерін пайдаланады. Әрбір ұлттық қауымдастыққа 1 миллион доллар көлемінде әмбебап ынтымақтастық гранты беріледі. Әйелдер футболына көмек көрсетуге қосымша 500 мың доллар бөлінеді. Алты Конфедерацияның әрқайсысы 2 миллион доллар көлемінде грант алады. Қауымдастықтар мен Конфедерациялар сондай-ақ жылдық түсімнің 35% аспайтын сомаға пайызсыз қарыз алуға өтінім бере алады.

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз