Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Шілде, 2020

Батыр Жүкембаев жүлде қоры 100 мың долларды құрайтын турнирге қатысады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев "SUPER SIX" турниріне қатысады. 140 фунт салмақ дәрежесіне дейінгі лимитте өнер көрсететін отандасымыз аталмыш жарысқа дайындығын бастап кетті. Канадалық "Eye of the Tiger Management" промоутерлік компаниясы жүлде қорына 100 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындаған жекпе-жектер Квебек қаласында өтеді. Батырдан бөлек жарыс жолында кіші Ив Улисс (18-2, 9КО), Стив Клагнетт (28-6-2, 18КО), Матье Жермен (18-1-1, 8КО), Аяз Хусейн (14-1, 11КО) және Тони Луис (29-3, 10КО) секілді тәжірибелі боксшылар бақ сынайды. Бексұлтан Нұрланұлы

1002 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз