Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Шілде, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім

"Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім, өмірлік өнеге алдым. «Төрелі жерге ел тоқтайды, төбелі жерге мал тоқтайды».

Былтыр еліміздің тарихында үлкен бетбұрыс болды. Тұңғыш Президент биліктің ауысуы барысында маған өлшеусіз сенім артты. Бұл тағы да Елбасы ел мүддесі жолында кез келген шешімге бара алатын ерекше батылдығын байқатты. Ең бас­тысы, біз биліктің ауысуын тұрақтылық жағдайында өткізе білдік. Бұл – Елбасының парасаты мен көрегенділігін көрсеткен тарихи оқиға. Былтырғы Президент сайлауында халық Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді. Сондықтан бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі!

Менің «Игілік – баршаға! Сабақтас­тық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламам Елбасының бастамасымен қол жеткізген жетістіктерді еселеуге, Тұң­ғыш Президенттің бағытын жалғас­тыруға негізделген. Осылайша елімізде сабақтастық салтанат құрды. Бұл бағытта «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудамыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ел ішіндегі күрделі мәселелерді билік тармағына жеткізуші алаңға айналды.

Биылғы алғашқы жартыжылдық бар­лық әлем елдері секілді Қазақстанға да оңай тимеді. Жаһанды әбігерге салған пандемия бізді де айналып өтпеді. Бұл сын-қатерлер халқымызды біріктіре түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуел­сіздікті сәт сайын қорғауымыз керек!» деген қанатты сөзі бар. Жер шары­ның тұрғындарына қауіп төндірген қатерлі дерттен азаматтарымызды қорғау – тәуел­сіздігімізді де қорғау деп білемін.

Індетпен күрес шаралары әлі жал­ғасады. Елбасы осы сындарлы кезеңде де елімен етене екенін білдіріп, өзі же­текшілік ететін Nur Otan партиясының жалпыхалықтық «Біз біргеміз!» акция­сын жариялады. Үндеу тастап, үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырды. Күллі ел Елбасының ізгілікке шақыруын қабыл алып, күрделі кезеңде береке-бірліктің үлгісін көрсетуде. Бұл игі бас­тама Нұрсұлтан Әбішұлының халықты мемлекеттік мүддеге жұмылдырушы тұлға екенін тағы да айқын танытты".

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи тұлға тағылымы. "Егемен Қазақстан" 2 шілде 2020 жыл

1315 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымен қалай танысқанын айтты
Келесі мақала Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи тұлға тағылымы

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *