Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Шілде, 2020

Коронавируспен күреске 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның коронавируспен күреске қанша ақша бөлгенін айтты. ⠀ Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінді. ⠀ "Бұл соманың 40 миллиард 58 миллионы Үкімет резервінен. Атап айтқанда, 21 миллиард 184 миллионға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға жұмсалды. 2 миллиард 30 миллион дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сатып алуға жұмсалды. 2,5 миллиард теңгеге зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтау үшін тест-жүйелер сатып алуға бөлінген. 100 миллион теңге коронавирусты анықтауға арналған реагенттер жиынтығын жасау мен шығару бойынша қызметтерді сатып алуға бөлінген. ⠀ ПТР әдісімен зертханалық зерттеулер бойынша қызмет көрсету 13,7 миллиард теңге. 310 миллион теңге отандық өндірісттегі ИВЛ аппараттарын сатып алып, жедел жәрдем көліктерін жаблықтауға. 131 миллион теңге азаматтарды эвакуациялауға бөлінген. ⠀ Республикалық бюджеттен 74 миллиард теңге бөлінді: 19,5 миллиард теңге медициналық ұйымдар инфекциялық, провизорлық және карантин стационарларындағы медициналық қызмет көрсетуге бөлінген. Карантин іс-шараларын өткізуге тартылған қызметкерлерді ынталандыруға 40,4 миллиард теңге бөлінген. Жұқпалы ауру жұқтырғандарды орналастыру үшін үш тез салынатын кешен құруға 14,8 миллиард теңге бөлінген", - деді министр.

630 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз