Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Шілде, 2020

Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті қызметіне тағайындалды

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының  президенті болып Ақан Сатаев тағайындалды. Аталған ұжымға жаңа басшыны Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі. Бұл қызметті осы уақытқа  дейін Арман Асенов атқарғанын айта кетейік.. Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамадаған. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметражды фильмін, «Адасқан» мистикалық триллерін (2009), «Ағайынды» сериалын (2009), «Ликвидатор» психологиялық драмасын (2011), «Жаужүрек Мың бала» тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ «Районы» криминалдық драмасы мен «Анаға апарар жол» тарихи драмасының (2016), «Бизнесмены» (2018), «Томирис» (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері. 2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығына ие болды. 2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.  

1394 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Маңқыстау. «Еңбек бағдарламасы арқылы 81 миллион теңге несие алды
Келесі мақала Коронавирус: Қазақстанда қосымша дәрі-дәрмек қоры құрылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *