Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Шілде, 2020

Шенеуніктерінің қызметтік көліктері жедел жәрдемге берілді

Қызылорда шенеуніктерінің қызметтік көліктері жедел жәрдемге берілді. Оның жанар-жағармайын да қала әкімшілігі өз мойнына алған. Осылайша 30-ға жуық қызметтік көлік тәулік бойы тұрғындардың шақыртуларына дәрігерлерді жеткізуде. ⠀ Өңір ауданындағы шенеуніктер де жақын күндері өз көліктерін денсаулық сақтау мекемелерінің мұқтаждығына беруге дайын екендіктерін айтып отыр. Десе де, аймақта әлі де маман тапшы. ⠀ «Облыста реаниматолог және аудандарда инфекционист мамандардың тапшылығы бар. Мәселені шешу үшін егер кеңес керек болатын болса, Нұр-Сұлтан қаласындағы және Алматы қаласындағы әріптестеріміз кеңесін уақытылы беріп отыр. Егер аса қажетті мамандар болып жатса осы аудандарға қаладағы мамандарды жіберу мәселесін шешіп отырмыз», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқаков.

1282 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Келесі мақала Семей қаласының әкімі коронавирустан айықты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *