Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Шілде, 2020

ДДСҰ: "Коронавирус ауа арқылы да жұғады"

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауада аэрозоль бөлшектері арқылы коронавирустың таралуы туралы жаңа дәлелдер бар деген пікірге келді, бірақ әлі де зерттеуді қажет етеді. COVID-19 тарату жолдары туралы өз деректерін қайта қарауға шақырған 200-ден астам ғалымдардың өтінішіне ДДСҰ жауап берді. Ұйым бұған дейін көбіне вирус адамның мұрынынан және аузынан аққан кішкене тамшылар арқылы таралатынын айтқан еді. ДДСҰ-ның Инфекцияның алдын алу жөніндегі техникалық директоры Бенедетта Аллегранзи коронавирустың ауа арқылы таралу жағдайлары бар екенін айтты, бірақ түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте. "Қоғамдық жерлерде, әсіресе ерекше жағдайларда, адамдар көп, жабық, нашар желдетілетін жерлерде ауа арқылы вирустың тарау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Алайда дәлелдер жиналып, түсіндірілуі керек", - деді ол. ДДСҰ-ның бұл мәлімдемесі оның адамдар арасындағы 1 метр қашықтықты сақтау жөніндегі қазіргі ұсыныстарына әсер етуі мүмкін. Бұған дейін, екі жүзден астам ғалымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ашық хат жазып, оны SARS-CoV-2 коронавирусымен күресу жөніндегі ұсыныстарды тез арада қарауға шақырады, өйткені олардың мәліметтері бойынша патогеннің адамдарға ауадағы аэрозоль бөлшектері арқылы жұқтыруы мүмкін екендігінің дәлелдері бар.

820 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз