Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Шілде, 2020

Егістік алқабындағы шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге бөлінеді

Елімізде егістік алқабындағы шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті. ⠀ «Егістікті сақтаудың маңызды факторы – шегіртке мен өзге де зиянкестермен күрес болып саналады. Биыл үйірлі шегірткелер 554 мың гектарға, саяқ шегірткелер – 266 мың гектар аумаққа таралады деп болжанып отыр», - деді ол. ⠀ Қаражат химиялық өңдеу жұмыстарына жұмсалмақ. Оның айтуынша, осы күнге дейін 1,3 млн гектар аумақтағы дәнді-дақыл тексеріліп, зақым келген 149 мың гектар жер өңдеуден өткен.

1157 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі
Келесі мақала Жаңа "Range Rover" жарық көруі мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *