Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Шілде, 2020

СДУ-да биылғы талапкерлер үшін қашықтан өтініш қабылдайды

Электрондық Үкімет порталында орын алған техникалық іркіліске байланысты гранттар конкурсына құжаттар тапсыратын талапкерлерге қиындық туындады. Осыған байланысты, Сулейман Демирел атындағы университетке түсуге ниет білдірген талапкерлер құжаттарды онлайн тапсыру үшін СДУ-ң ресми электронды парақшасын  пайдалана алады және төмендегі сілтеме бойынша өтінім қалдыра алады: https://enroll.sdu.edu.kz/. Онлайн өтінім беру барысында:
  • ЭЦҚ кілті қажет емес;
  • педагогикалық тест нәтижелерін бекітудің қажеті жоқ.
Талапкерлерге бір ғана шарт-мамандықтар мен жоғары оқу орындарының тізімінде бірінші болып СДУ-ды таңдау қажет. СДУ коды-302.  

1683 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз