Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Шілде, 2020

Коронавирус. Алматылық медицина қызметкерлеріне үстемақы берілуде

Алматы қаласындакоронавирус эпидемиясына қарсы күрес шараларына 9 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бастапқы жоспар бойынша оның 5,5 миллиард теңгеден астамы коронавирусқа қарсы күресіп жатқан  денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне қосымша үстемақы ретінде төленуі тиіс болатын. «Қазіргі таңда үстемақыға бөлінген сома біршама артып, 6,68 млрд теңгеге жетті. Бұған ауруханаларда ашылған қосымша төсек-орын саны мен коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған қызметкерлерге төленетін соманың артуы түрткі болып отыр», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Хабарламаға сүйенсек, вирусқа қарсы күреске қатысып жатқан медицина нысандарының тізімін Алматы әкімдігіндегі арнайы комиссия бекіткен. Бекітілген тізімге сәйкес, наурыз-мамыр айларында  медицина мамандарына 4,3 млрд теңгеге жуық қаражат төленді.Жалпы алғанда:  Қауіп деңгейі аса жоғары 1-топқа – 1,6 млрд теңге; Қауіп деңгейі жоғары 2-топқа – 1,9 млрд теңгеден астам; Қауіп деңгейі орташа 3-топқа – 689 млн.теңгеден астам үстемақы берілді.  Филиал мәліметінше, маусым айында оңтүстік астана бойынша 5441 медицина маманына 1,8 млрд теңгеден астам үстемақы алады. Оның ішінде:  Қауіп деңгейі аса жоғары 1-топқа – 871,1 млн теңге (барлығы 1407 адам); Қауіп деңгейі жоғары 2-топқа – 710,2 млн теңгеден (2498 адам); Қауіп деңгейі орташа 3-топқа – 227,5 млнтеңге (1536 адам). «Қазіргі таңда 1,0 млрд теңге көлемінде қосымша үстемақы төленді. Оның 608,8 млн теңгесі жедел жәрдем қызметіне тиесілі. Сонымен қатар, инфекциялық, провизорлық және карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған стационарлар, емхана қызметкерлеріне (фильтрлер, 4-санаттағы жедел жәрдем шақыртулары, лаборанттардан құралған мобильді бригадалар) 1,2 млрд теңге төленді. Жалпы алғанда, 913 дәрігер, 2677 орта буын медицина қызметкері, 980 кіші персонал, өзге де 871 қызметкер (соның ішінде жедел жәрдем қызметінің 803 жүргізушісі) үтемақы алды», - деп қосты Тілеухан Әбілдаев. Айтуынша, қазіргі таңда қалада эпидемияға қарсы іс-шараларға 92 денсаулық сақтау нысаны жұмылдырылған, оның 74-і – емхана. Естеріңізге сала кетсек, қосымша төлемдер денсаулық сақтау саласы қызметкерінің өміріне төндіретін қауіп деңгейіне қарай төленеді.
  • Біріншісі – қауіп деңгейі аса жоғары топ. Оған инфекциялық стационарлар мен жансақтау бөлімдерінің дәрігерлері, аға және орта буын медицина қызметкерлері жатады.
  • Екіншісі – қауіп деңгейі жоғары топ. Оған провизорлық стационарларда жұмыс істейтін мамандар, жедел медициналық жәрдем, санитарлық авиация қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлері кіреді.
  • Үшіншісі – қауіп деңгейі орташа топ. Оған карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері т.б. жатады.
 

766 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз