Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Шілде, 2020

Қазақстанның қалаларына Ресейден гуманитарлық көмек жеткізілуде

Шілденің 9-нан бастап «Добро-Соседство» акциясы өзінің бастауын алды.Акция ұйымдастырушылары Қазақстандағы қиын жағдай кезінде шет қалмау үшін «Добро-Соседство» шарасы жүзеге асырылғанын атап өтті. Ең алғашқылардың санында болып Уфа қаласындағы «Берлек-Единство» геосаяси зерттеулер орталығы Л.Н. Гумилев атындағы еуразиялық ұлттық университетіне гуманитарлық көмекжіберді. «Шілде айында Ресейдің азаматтық сектор өкілдері Қазақстанға барлығы 100 мың бетперде, 20 мың қолғап, тонометр, термометр және антисептик жібереді. Жүктің жалпы құны - 1,5 миллион рубль (9 млн теңге)», - деді ұйым өкілдері. Қазақстанныңәр түрлі ұйымдарына (медициналық және волонтерлік ұйымдар;балалар және қарттар үйлері) волонтерлік  қолғаптар, маскалар, қан қысымын бақылау құралдары, электронды термометрлер, медициналық ингаляторлар таратылып жатыр. Сәлемдемедесондай-ақдәрумендер мен парацетамол бар. Еріктілербұлдәрі-дәрмекті мұқтаж адамдарға тегін үлестіреді. Гуманитарлық көмектің алғашқы партиялары Екатеринбургдан Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларына, Уфадан Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларына, Астраханнан Атырауға, Саратовтан Оралға жеткізілді. Акцияға Ресейдің Мәскеу, Екатеринбург, Уфа, Саратов, Астрахань, Новосібір, Орынбор және Қазан қалалары қатысуда. Алдағы уақытта көмек  Нұр-Сұлтан каласына екінші партия, Алматы, Шымкент қалаларына да жеткізіледі.  

568 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз