Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Шілде, 2020

"Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

 "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқармасының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды.
Бұған дейін Қанат Алпысбаев "Самұрық-Қазына" қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған, 2008 жылдан бастап 2018 жылға дейін "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген.
Бұған дейін «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.ындалды

631 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз