Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Шілде, 2020

Президент педофилді ұстаған полицейді «Айбын» орденімен марапаттады

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейдің қырағылығынан педофил қашып, құтыла алмаған. «Қызметтік міндетін атқару кезінде батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қалалық полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі – Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталсын» делінген Жарлықта. Айта кетейік, оқиға 11 шілдеде Алматы қаласы Түрксіб ауданында болған. Түсте күдікті Покровская көшесінде орналасқан үйлердің біріне кілтті таңдау ақылы кірген. Үйде 2 бала – төрт жастағы ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Қаскөй пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлаған. Кейін Әл-Фараби даңғылындағы үйде жасырынған күдікті полициядан қашып тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен. Сол кезде майор Бақытжан Бәкіров оның артынан бірге секіріп, қылмыскерді қуып жеткен. Осы батылдығы үшін Бақытжан Бәкіровті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттаған еді.  

731 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз