Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Шілде, 2020

Зайнутдинов "Ростов" сапында тарихи көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Ростов" сапында өнер көрсеткен қазақстандық футболшылар арасында үздік сұрмерген атанды. Зайнутдинов "Ростов" сапына 2019 жылы ауысып, Ресей біріншілігінің биылғы маусымында төрт гол соқты. Тәуелсіздік алғанннан кейін "Ростов" намысын қорғаған қазақстандық футболшылар арасында бұл үздік көрсеткіш. Зайнутдиновке дейін Андрей Карпович "Ростов" сапында 2002 және 2003 жылдары, екі маусым өнер көрсетіп, 47 ойында бір рет гол соқты. 2000 және 2001 жылдары өнер көрсеткен Самат Смақов 42 кездесуге қатысып, гол соға алмай кетті. Рафаэль Уразбахтин де "Ростовта" қанжығасын майлай алмады. Ол 13 кездесуге қатысқан. Бұл футболшылардан бөлек, 2016 жылы бұл команданың намысын қазақстандық қақпашы Стас Покатилов қорғады. Өкінішке қарай, ол бірде-бір кездесуге қатыса алмай кетті. Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Михаил Рожков та "Ростовта" ойнап, гол сала алмады. Қорғаушы 2009 жылы ойнаған болатын. Алайда ол кезде Михаилда Ресей федерациясының азаматтығы бар еді. Айта кетейік, жақында ғана мәресіне жеткен Ресей біріншілігінде "Ростов" бесінші орынға жайғасып, Еуропа лигасына жолдама алды. Зайнутдинов болса 17 кездесуге қатысты. Vesti.kz

640 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз