Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Шілде, 2020

Ұлттық қорға түсетін ақша 33%-ға азайды

Ұлттық қорға салықтар мен төлемдер есебіндегі түсімі азайды. Әзірге бірінші жарты жылдықта 1 трл теңгеден сәл астам ақша аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,3%-ға аз. ⠀ Әдетте, мұнай компанияларынан түсетін табыс салығы көп болатын. Олар алты айда 372 млрд теңге төлеген. Үстеме пайда үшін түсім жарты жылда 96,1 млрд теңгеге, ал мұнай секторы ұйымдарының бонустары 1,4 млрд теңгеге жетті. ⠀ Сондай-ақ, аталған компаниялар пайдалы қазбаларды өндіргені үшін Ұлттық қорға 164,8 млрд теңге, экспорттық шикі мұнай үшін 119 млрд теңге ренталық салық төледі. ⠀ Ал жер қойнауын пайдаланушылардан 25 млрд теңге және әр түрлі айыппұлдардан 2,7 млрд теңге түскен.

820 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз