Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Шілде, 2020

Текелі. Рудничный ауылдық округіне жаңа су қоймасы салынды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Рудничный ауылдық округінде тағы бір нысан қолданысқа берілді Бүгін Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдық округінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді. Нысанда құрылыс жұмыстарын «Хан Тенгри Құрылыс» ЖШС жүргізген. Сонымен қатар, жергілікті бюджет тарапынан бөлінген қаражат есебінен су қоймасы қайта жөндеуден өтіп, Рудничный ауылдық округіне жаңа су қоймасы салынды. Еске сала кетсек, ауылдық округтегі бұрынғы су қоймасы осыдан 70 жыл бұрын қолданысқа берілген. Сол себептен де, су қоймасы жаңадан жаңартылып, қайта іске қосылды. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Шымыр» ЖШС жүргізген. Биылғы жылы Рудничный ауылдық округінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2 жоба қолға алынған. Соның бірі –Рудничный ауылдық округіндегі балалар футбол алаңы құрылысы. Аталмыш нысан осы айда қолданысқа берілуі қажет болатын, алайда техникалық себептерге байланысты келісімшарт мерзімі ұзарды. Нысан құрылысына жауапты «Элит Строй» ЖШС мердігер компания өкілдеріне бірқатар ескертпелер жасалып, нысан белгіленген мерзімде аяқталмаған жағдайда материалдар сотқа жөнелтілетіні туралы ескерту айтылды.  

914 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз