Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Тамыз, 2020

Бағдат Қожахметов жаңа қызметке тағайындалды

Бағдат Қожахметов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды. ⠀ «Жұмыстың алғашқы күнінде біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық орталығын құратын болып шештік. Біздің басты міндетіміз - бүгінгі күнге дейін жиналған барлық мәселелерді шешу үшін қоғаммен сапалы байланыс орнату», – дейді Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ресми өкілі. ⠀ Ол журналистерді, PR және маркетинг саласындағы әріптестерін жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. ⠀ «Бұл денсаулық сақтау жүйесінің проблемасы ғана емес, бұл – бүкіл қоғамның проблемасы. Еліміздің болашағы біздің дәрігерлерге бүгінгі індетті жеңуге қалай көмектесетінімізге байланысты», – дейді ол. ⠀ Бағдат Қожахметов бұған дейін «31 арнаны» басқарған, Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болған, сондай-ақ ҚР ІІМ Ақпарат және қоғаммен байланыс орталығын басқарған.

886 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз