Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Тамыз, 2020

Шымкентте мал сою және сату орындары қатаң бақылауға алынды

Шымкентте “Құрбан айт” мерекесі күндері мал сату және мал сою орындары қатаң бақылауда тұр. Биыл елімізде алғаш рет құрбандық шалу онлайн тәртіпте жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат – коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу болатын. Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №29 Қаулысына енгізілген шектеулердің сақталуын Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері бақылауға алды. Патрульдік полиция полькі және мобильді учаскелік инспекторлар жасақталып қала аумағындағы М.Дулати және Жібек жолы көшелері мен Коммунизм елді-мекенінде тұрақты түсіндіру жұмыстарын қолға алып, бақылауды күшейткен. Айта кетейік, Шымкент қаласы аумағында тек бір ғана Қаратау ауданы, Бозарық саяжайы “Халал қасап” кешенінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының онлайн құрбандық шалу жүйесі арқылы тапсырыс берген азаматтардың малдарын союға рұқсат берілген. Сондай-ақ Шымкент қаласының кіре беріс жолдарына 17 бекет қойылып, полиция қызметкерлері мал тасымалдайтын көліктерді тексеріп, мал тиеген жүк көлігін анықтап, кері қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шара эпидемологиялық ахуалға байланысты жүзеге асырылып отыр.  

918 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз