Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Тамыз, 2020

Елімізде пневмониядан көз жұмғандар саны екі есеге артты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр тамыз айында елімізде 77 мыңға жуық науқасқа пневмония диагнозы қойылған. Ал, биыл олардың саны 256 мыңнан асты. Өткен жылы 2033 адам көз жұмса, биыл пневмониядан 4042 отандасымыз қаза тапқан екен. Осы ретте 1 тамыздан бастап Қазақстанда COVID-19 бен коронавирустық пневмония деректері қатар жүргізілетін болды. Қазіргі жағдай бойынша елімізде қауіпті індет жұқтырғандар саны 92662-ге жетті. 1058 науқас қаза тапты. Ал, коронавирустық пневмония 5614 адамнан анықталған. «Осыған қарамастан, министр елдегі жағдай тұрақталып келеді», - дейді. Алдыңғы айлармен салыстырғанда ахуал біршама жақсарған. Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 662 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті. Қазір елде індет жұқтырғандарға арналған 52 мыңға жуық төсек-орны бар. Денсаулық сақтау министирлігі олардың санын әлі көбейтпек. Өйткені күзгі уақытта кесел қайта өршуі бек мүмкін. Жасанды тыныс алдыру аппараттары да алынып жатыр. Дәрі-дәрмек қоры жасақталуда. Сондықтан сала басшысы «күзгі уақыттан сүрінбей өтеміз деген үміт бар» деді.  

760 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз