Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Тамыз, 2020

42500 теңге қанша адамға тағайындалды?

Дәл қазіргі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде: – 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 604,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 202,8 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 1 млн 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады

332 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Көлігінен көкнар табылған жүргізуші ұсталды
Келесі мақала Сәкен Сәрсенов жаңа қызметке тағайындалды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *