Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Тамыз, 2020

Дәрігер пікірі: Біріктірілген статистика

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сәния Абдрахманова Қазақстанда коронавирус бойынша біріккен статистикаға көшуге қатысты пікір білдірді. «Статистиканың біріктіру шешімімен келісемін. Менің ойымша, бұл дұрыс қадам, себебі жаз айларында пневмонияға шалдыққандар көп тіркелді. Мұндай патология осы мерзімге тән емес. Көп жағдайда коронавирус инфекциясына тиесілі сипаттар байқалуда. Сондықтан аурудың екі түрін бір статистикаға біріктіру шешімі дұрыс болды деп санаймын», - дейді С. Абдрахманова. Айта кетейік, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап зертханада анықталған COVID-19 бен ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмониямен бірге есепке алынады.  inform.kz

502 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз