Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Тамыз, 2020

Қазақстанда соңғы 3 жылда 11 террористік әрекеттің жолы кесілген

Соңғы 3 жылда 11 террористік әрекеттің жолы кесілген. Соның бірі өткен жылы жаңа жыл қарсаңында тіркелді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай мәлімет таратып отыр. Орталық Азиядан Алматыға ақша табу үшін келген күдікті өз бетінше жарылғыш зат дайындамақ болған. Бірақ, барлығын интернет арқылы Ауғанстан мен Сириядағы кураторларынан үйреніп жүріпті. ⠀ Белгілі болғандай, 22 жастағы Қасым Гаязов Алматы шетіндегі коттеджден бөлме жалдап тұрған. Шахид болуды жоспарлаған азаматты құрықтау кезінде тағы 9 сыбайласы ұсталған. Үйін тінту барысында 1 келіге жуық жарылғыш зат компоненттері, қылмыс жасалар орындардың жоспары табылды. Олар көк базар, банк филиалы мен полиция бөлімшелерін жармақ болыпты. ⠀ Террористердің ДАИШ әскерилерімен алмасқан хаттары сақталған телефондары да тәркіленді. 2019 жылдың 13 қыркүйегінде аталған топтың жетекшісі Гаязов 18 жылға, Халиов 16, тағы бесеуі 12-14 жыл аралығында бас бостандықтарынан айырылды. 3 шетелдік депортацияланып, жазаларын өз елдерінде өтеп жатыр. ⠀

439 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз