Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Тамыз, 2020

Мемлекеттік қызметке орналасу ережесі өзгерді

Бұрын конкурстан өту үшін 50 күн уақыт қажет болатын. Енді бұл мерзім 2 аптаға дейін қысқарып отыр. Сондай-ақ, конкурстың кезеңдері де азайды. Бұған дейін 3 түрлі сынақ жарияланса, қазір үміткерлердің 2 кезеңнен өткені жеткілікті. Яғни, ведомствода бос орын пайда болған кезде конкурсқа сол органның қызметшілері ғана емес, басқа ведомстволарда істеп жатқандар да бірдей қатыса алады. Мұндай шешім Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес қабылданды. Өзгерістер 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Айта кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметте 90 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың орта жасы 39. Қызметшілердің 56 %-ы нәзік жандылар болса, қалғаны ер азаматтар. Ерхан Таткен, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі: –Бірінші кезең, ол аталған мемлекеттік органның қызметшілері арасындағы конкурс, ол конкурста жеңімпаз анықталмаған жағдайда тікелей барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы конкурс пен жалпы конкурс біріктірілді. Яғни, енді мемлекеттік қызметшілер конкурсқа қатыса алады.  

592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз