Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 04 Тамыз, 2020

Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына енді

Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына (IAEE) қосылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ  хабарлады.  -Қазақстанның IAEE құрамына енуі Республиканың сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы озық әзірлемелер мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. IAEE құрамына кіру туралы өтінімді Құрылыс және сәулет ғылыми - зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) базасында құрылған «Қазақстан Республикасы сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығы» берді. IAEE талаптарына сәйкес, мүшелікке енгізу жөніндегі өтініш 6 ай ішінде қаралды, содан кейін IAEE атқару комитетінің отырысында Қазақстанға ұлттық делегат мәртебесі берілді, - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.  

528 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз