- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 05 Тамыз, 2020
АҚШ-тағы сұрапыл дауыл: 2,7 миллионнан астам адам жарықсыз қалды
«Исаиас» тропикалық дауылы АҚШ-тың шығыс жағалауында 2,7 млн астам адамды электр жарығынсыз қалдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
Дауыл 8 штатты жайпап өткен. Ең көп зардап шеккен Нью-Джерси штатының тұрғындары, онда 1,3 млн астам үй жарықсыз қалды. Солтүстік Каролинада 303 мыңнан астам, Вирджинияда – 347 мыңнан астам, Мэрилендте – 43,8 мыңнан астам адам осындай жағдайды басынан кешіп отыр.
Бұдан басқа, қаза тапқан 4 адам туралы хабарланды.
«Исаиас» дауылы Американың Солтүстік Каролина штатының жағалауында 3 тамызда, кешқұрым басталған еді. Қазіргі кезде ол біршама әлсіреді.
380 рет
көрсетілді0
пікір