Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Тамыз, 2020

Алматыда 360-тан аса қосымша «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда 360-тан аса қосымша "Сергек" камерасы орнатылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. 

«Бүгінде қаладағы жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Жол қауіпсіздігі" және "Сергек" сынды ақпараттық жүйелер пайдаланылып жатыр. Олардың санын тағы 362-ге арттыруды жоспарлап отырмыз. Олар қаладағы жол апаты жиі болатын, жол жүру ережесі жиі бұзылатын орындарда орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді», - деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, Алматы қаласының полиция департаментіндегілер 6 айда бейне-бақылау камеларының көмегімен 3 392 қылмыс ашылғанын атап өтті.

366 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз