- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 06 Тамыз, 2020
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысты
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміз еліміздегі менеджерлік компаниямен келісімге отырған. Бұл жөнінде компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Артынша бұл жаңалыққа қатысты Қамшыбектің өзі сұхбат берді. Айтуынша, келісім әзірге бір жекпе-жекке жасалды. Бокс кеші Алматыда өтуі керек. Осылайша, 28 жастағы жерлесеміз бабын жоғалтпауға тырысады. Әйтпесе, қазір әуесқой бокстағы оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар тоқтап тұр.
Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғарғылар арасында Олимпиада лицензиясын жеңіп алған еді және «негізгі мақсат – сол байрақты бәсекеде топ жару болып қала береді», дейді.
707 рет
көрсетілді0
пікір