Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Тамыз, 2020

Рысқали Әбдікеров. сенатор: Білім, жұмыс, тұрғын үй, азық-түлік қауіпсіздігі – әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты

Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр. Сенатор өңірдегі бірнеше ауданның тұрғындарымен кездесіп, құрылыс нысандарына, мектептер мен медициналық мекемелерге барды. Бірінші кезекте ол медициналық қызметкерлер мен жас отбасылардың үймен қамтамасыз етілу мәселесіне назар аударды. Сенатор мектеп, колледж ғимараты мен дәрігерлерге арналған жатақхана құрылысымен танысты. Рысқали Әбдікеров жергілікті билік тарапынан осындай әлеуметтік маңызы бар нысандарға айрықша назар аударылуы керектігін айтты. Мектеп, аурухана мен тұрғын үйлер салу тұрғындардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешетінін сөз етті. Рысқали Әбдікеров сот жүйесінің өкілдерімен де кездесті. Ол бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігіне тоқталып, олар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын айырықша атап өтті.Сот ғимаратын аралаған халық қалаулысы сот отырысы залдарындағы заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған дыбыс-бейне жазба жүйесіне оң бағасын берді. Олосы жерде аудан тұрғындарымен жолығып, сот жұмысы мен сот жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы пікірлерін сұрады. Сенатор ауылдарға сапарында ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударды. Ол егіс алқабында болып, осы саланы мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, ол аграрлар мен фермерлер егін егу аумағын, мал басын арттыру мақсатында қосымша субсидияға мұқтаж екенін жеткізді. Осылайша өңірдің ғана емес, тұтас елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жол ашылатынын айтты.

942 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз