Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Тамыз, 2020

Бүгін - ядролық қаруға тыйым салу үшін күрес күні

1945 жылдың 6 тамызында АҚШ Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасын тастаған болатын. Салдарынан 80 мың адам көз жұмып, 12 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Тағы 40 мыңнан аса кісі түрлі жарақат алды. 12 шақырымдай жердегі бүкіл ғимарат жермен-жексен болды. Ал, 9 тамызда АҚШ Нагасаки қаласына да ядролық қару тастады. Бұл адамзат баласы тарихында ядролық бомбаның алғаш қолданылуы болды. Көп ұзамай әлем елдері жаңа қарудың жойқын күшін түсініп, оған қарсы бас көтерді. 1955 жылы 6 тамыз күні Хиросимада ядролық қаруды қолдануға тыйым салу туралы тұңғыш халықаралық конференция өтті. Кадзуми Матцуи, Хиросима қаласының мэрі: - Біз мұндай қасіреттің қайталануына ешқашан жол бермеуіміз керек. Азаматтық қоғам ұлтшылдықтан бас тартып, кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруы тиіс.  

592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз