Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Тамыз, 2020

Сыртқы істер министрі Швейцария елшісіне орден табыстады

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді Швейцария елшісіне екінші дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Урс Шмид бүгін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады. Төрт жыл ішінде екі ел арасында түрлі саладағы байланыс нығайған. Швейцарияның ірі инвесторлары бөлген қаржыға бірқатар жоба жүзеге асты. Урс Шмид, Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: - 4 жыл Қазақстанда елші болып қызмет атқардым. Мемлекеттеріміздің достық пейілі ұшан-теңіз. Швейцария Қазақстанға инвестиция құйып жүрген елдердің үштігіне кіреді. Экономика, бизнес саласындағы ортақ жобаларымыз жемісін беріп жатыр. Бурабайды кіші Швейцарияға теңейді ғой. Туризм саласын дамытуға күш сала береміз.  

717 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз