Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 07 Тамыз, 2020

Министр докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімін ұзартуды ұсынды

ҚР Білім және ғылым министрлігі докторанттардың диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі туралы ережені өзгертуді ұсынды. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Фейсбук желісінде жазды. -Жақында докторанттар өзге студенттер сияқты жаңа оқу жылын бастайды. Қазіргі нормативтік актілерге сәйкес, докторанттар диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі керек. Іс жүзінде бұл үнемі дерлік ресми сипатта болады. Докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбын бекіту мерзімін оның пысықталуына қарай өздері белгілеуі тиіс. Білім мен ғылымда ресми тәсіл болмауы керек! Бұл докторанттардың Жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) бекіту мерзімдеріне де қатысты. БҒМ мұндай құжаттардың мерзімдері мен мазмұнын реттемеуі тиіс. Біз ЖОО-лардағы есеп беруді азайту үшін одан әрі жұмыс істейміз Бақылаудың бұл түрі ешқашан тиімді болмаған. Академиялық дербестікті кеңейту жағдайында әрбір ЖОО өзінің білім беру бағдарламаларын дайындағанда ОЖСБ іс жүзінде қажет болмай қалады,-дейді министр.

804 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз