Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 07 Тамыз, 2020

Ертіс өзенінің алқабына ерекше мәртебе берілмек

Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін. Тиісті жобаны қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі дайындап жатыр, деп хабарлады Павлодар қаласының жұртшылығымен кездесуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. «Ертіс өзенінің алқабына мәртебе беру үшін бұрын аяқталмаған техникалық-экономмкалық негіздеме пысықталып жатыр», - деді ол. Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстан аумағының шамамен 9% ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша бұл көрсеткішті 10 жыл ішінде 12%-ке дейін арттыру керек. Ал Ертіс өзенінің алқабы осындай аумақ тізіміне енуі мүмкін. Кездесуде өңірдің экология саласындағы өзекті мәселелері эко-белсенділермен де талқыланды. Министрдің айтуынша, қазірде Павлодар облысы бойынша Жол картасының жобасы жасалып жатыр. Онда өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін шаралар белгіленеді. Бұл ретте министрлік қала жұртшылығымен бірге жұмыс істеуге ниетті. Кездесуде сонымен қатар, кәсіпорындарда ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу, жасыл желек көлемін кеңейту, халықтың экологиялық мәдениетін жақсарту және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлды қатайту мәселесі қозғалды. Мәселен, халықтың Павлодар қаласында улы өндірістерді салуға тыйым салу туралы өтінішіне жауап ретінде министр нақты елдімекендегі немесе өңірдің ластану деңгейіне қатысты халықаралық тәжірибені Қазақстанда енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл ретте жаңа Экологиялық кодекске тиісті нормалар енгізілген. «Қалай болғанда да, кез-келген қауіпті өндірісті салу кезінде қоғамдық тыңдаулар өткізілуі мүмкін. Сондай-ақ, жаңа Экокодекс жобасында халықтың қандай да бір жобалардың қабылдануына әсер етуін күшейтуге арналған тармақтар бар. Жасыл желектер туралы сұрақтарыңызға келсек, ол Жол картасына енгізіледі. Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардың табиғатты қорғау іс-шаралар жоспарына ағаш егуді енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз мұны ERG компаниясымен де талқылайтын боламыз. Сонымен қатар, үш жыл ішінде ағаш кескені үшін нормативтік-құқықтық базаны қатайту, өтемақы ретінде ағаш отырғызу мен оларға күтім жасауды талап ету жоспарлануда», - деп атап өтті министр. inform.kz 

158 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Министр докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімін ұзартуды ұсынды
Келесі мақала Алматыда үй карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Ника

13 Тамыз, 2020

Извечно следует не упускать из памяти об, в сущности основном,: каждая информация должна нести полезность желающему. И конечно на этом сайте это имеется. Молодцы