Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Тамыз, 2020

Сенаторлар арнайы әлеуметтік қызметті  көрсету орталығында болды

Сенат депутаттары Динар Нөкетаева мен Нұртөре Жүсіп Алматы қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді  көрсету орталығында болды. Орталық ұжымымен кездесуде бұл басым бағыт екенін және оны Мемлекет басшысының өзі бірнеше мәрте атап өткенін айтты. Мүгедектігі бар жандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленген болатын. Ерекше мұқтаждығы бар азаматтарға барлық қажетті жағдайды жасау туралы мәселе Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында да айрықша айтылған еді. Бұл орталық психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға міндетті қызмет түрлерін көрсетеді. Мұнда 3 жастан 18 жасқа дейінгі кемтар балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсетудің кешенді шаралары толық қамтылған. Орталық басшысы Анаргүл Оспанова өзі жетекшілік ететін  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жай-жапсарын баяндап берді. Қазір орталықта 123 бала бар, олар алты жалпы топқа бөлінген.3 паллиативтік бөлімше мен реабилитациялық топта дімкәс жасөспірімдерге барлық қажетті қызмет түрлері көрсетіліп жатыр. Депутаттар орталық жұмысымен таныса келе мұндай мекемелерде қажетті көмектің барлық спектрі қамтылуы тиіс екенін атап өтті. Елімізде жүргізіліп жатқан  институционалды реформаларға байланысты тиімді, заманауи және сапалы мемлекеттік қызметтерді қамтитын осы заманғы мемлекеттік механизмдерді құрудың маңыздылығына тоқталды. Мүгедектігі бар жандардың құқығы мен өмір сүру сапасын жақсарту туралы 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа Ұлттық жоспар қабылданғаны белгілі. Осы Ұлттық жоспар әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың кешенді шараларын қамтиды. Алматы қаласындағы осы орталық«Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясында жеңімпаз атанған.

658 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз