Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 07 Тамыз, 2020

Алматыда үй карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды

Алматыда үй карантин режимін бұзған 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай мәлім етті. «Бүгінде үй карантинін бұзушылар бар. 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Сондай-ақ, үш алматылық үйінен ауруханаға ауыстырылды. Мұндай шешімге өздері келді», – дейді Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша, үй карантинінде отыратын адамдар үнемі тексеретіледі. «Күні кеше арнайы топ 200 үйді тексерді, нәтижесінде 23-і үйінен табылған жоқ. Яғни, көшеге шығып кеткен»,– дейді Жандарбек Бекшин.  

894 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз