Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Тамыз, 2020

Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбыр салдарынан көшкін жүрді

Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбыр салдарынан көшкін жүріп, төрт адам қаза тапты, біреуі жоғалып кетті. Агенттіктің дерегі бойынша, келеңсіз жағдай кеше Сеулден оңтүстікке қарай 400 шақырым жерде орналасқан Коксон уезінде болған. Көшкін бес үйді басып қалған. Округтің 30 тұрғыны жақын маңдағы мектепке эвакуацияланды. Сондай-ақ, бейсенбіде Yonhap агенттігі нөсер жаңбырға байланысты дамбадан босатылған су қайықты аударып, кем дегенде алты адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын. Соңғы уақытта Корей жарты аралында болған нөсер жаңбыр салдарынан Оңтүстік Кореяның 16 тұрғыны опат болды. 1,6 мың азамат қауіпсіз аумаққа көшірілді. 5 мың ғимарат қирап, 8 мың ауыл шаруашылығына жарамды жер су астында қалған.  inform.kz 

117 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Түркия Қазақстанмен арадағы әуе қатынасын тоқтатады
Келесі мақала Беларусьте өткен президент сайлауы аяқталды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *