Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Тамыз, 2020

Сенатор Парламенттегі қызметін қорытындылау үстінде

Биыл Сенат депутаты ретінде қызметін аяқтайтын Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысының тұрғындарымен кездесіп, мұнайлы өлкенің Жоғары палатадағы өкілі ретінде атқарған жұмысын қорытындылауда. Кездесу барысында сенатор еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай ықпал еткен заңдарға тоқталып өтті. Нақты айтқанда, Сәрсенбай Еңсегенов Ресей жалға алған Тайсойған полигонының аумағынан Қызылқоға ауданының 750 гектар жері қайтарылғанын тілге тиек етті. Көп жылдар бойы Ресей тарапымен жүргізілген келіссөздерден кейін жалға беру жөніндегі келісімшартқа өзгерістер енгізіліп, үлкен аумақты алып жатқан жайылым жері заңды түрде өңір тұрғындарының игілігіне қайтарылған еді. Соның арқасында жергілікті шаруалар мал өсіруді қолға алса, мұнай-газ компаниялары екі бірдей жаңа кен орнын игере бастады. Сонымен қатар сенатор Тайсойғандағы шаруашылық қожалықтарына арнайы барып, шаруалармен кездесті. Тұрғындар полигонды Ресейге жалға беруге қатысты кейбір мәселелердің оң шешілуіне байланысты жер алып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік туғанын айтты. Бүгінде жергілікті шаруалар асыл тұқымды жылқы мен ірі қара малын өсіргені үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың игілігін көріп отыр. Қазіргі таңда бұрынғы полигон аумағында 33 шаруа қожалығы жұмыс істеп жатыр. Жұмыс сапары кезінде Сәрсенбай Еңсегенов аймақтағы барлық ауданның және облыс орталығының тұрғындарымен кездесулер өткізеді. Осыған дейінгі кездесулерде сенатор мәслихат депутаттарына, кәсіпкерлерге, үкіметтік емес ұйымдар мен әкімдіктерге «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы», «Ардагерлер туралы» заңдарға және басқа да маңызды заңнамалық актілерге енгізілген түзетулердің қалай талқыланып, қабылданғанын айтып берді. Сонымен қатар ол өңір халқына өзіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізіп, қазіргідей күрделі кезеңде азаматтарды жұдырықтай жұмылып әрекет етуге шақырды. Жұмыс кестесіне сәйкес сенатор енді Атырау облысының Махамбет, Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарының сайлаушыларымен кездеседі.    

176 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Президент Ахметжан Есімовті қабылдады
Келесі мақала Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 73млрд теңгеден асты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *