Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Тамыз, 2020

UEFA Чемпиондар лигасында ширек финалға жолдама алған командалар анықталды

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасында ширек финалға жолдама алған барлық командалар анықталды. Бүгін Испанияда «Барселона» өз алаңында Италияның «Наполи» командасын қабылдады. Олар алғашқы кездесуде 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Сондықтан бүгін «Барселона» барын салды. Бірінші кезеңнің өзінде қарсыластар қақпасына үш гол соқты. Оны Клеман Лангле 10, Лионель Месси 23, Луис Суарес (пенальтиден) 46-минутта өзінің еншісіне жазды. Оған бірінші кезең бітер сәтте «Наполи» ойыншысы Лоренцо Инсинье пенальтиден жауап қайырды. Ойында «Барселона» 3:1 есебімен жеңіске жетті. Тағы бір кездесу Германияда «Бавария» (Мюнхен) мен Англияның «Челси» (Лондон) командалары арасында өтті. Айта кетерлігі, неміс футболшылары Лондонда өткізілген ойында алаң иелері қақпасына жауапсыз үш гол соққан еді. Сол себепті жанкүйерлер жарысты қай команданың жалғастыратынын алдын-ала шешіп қойды. Қарымта кездесуде де «Челси» лайықты қарсылық көрсете алған жоқ. Ойынның 10-минутында «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски пенальтиден есеп ашса, оның командаласы Иван Перишич 24-минутта есепті үстемелей түсті. «Челси» ойыншысы Тэмми Абрахам 44-минутта бір гол соғып есеп айырмасын қысқарта түсті. Ойынның екінші кезеңінде «Бавария» сапынан Корентин Толиссо 76, Роберт Левандовски 83-минутта қос гол соқты. Есеп 4:1. «Бавария» ширек финалға жолдама алды. inform.kz 

629 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз