Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 10 Тамыз, 2020

Сілеті су қоймасына кезекті қоғамдық рейд жүргізілді

Экология министрлігі демалыс күндері жергілікті әкімдік пен ІІМ өкілдерімен бірге Сілеті су қоймасына кезекті қоғамдық рейд жүргізді. Су қоймасына еліміздегі ең бір таза өзеннің бірі - Сілеті ағып келеді. Ал Бестөбе шатқалы астанадан шамамен 200 шақырым. Адамдар осында демалуға келгендер қалдыратын қоқысқа, олардың табиғатқа тағылықпен қарауына, белгіленбеген жерде шомылатынына шағым айтып жатыр. «Біз демалып жатқандармен әңгімелесіп, қоқысты жинадық. Егер бәріміз бірге тәртіпке келтіру шараларын қабылдамайтын болсақ, ертең демалатын таза жер қалмайды. Тұрғындардың арасындағы түсіндіру жұмысын құрамында 1,5 млн бала бар «Жас ұлан» жастар ұйымының жас көмекшілерінің жәрдемімен жүргіземіз. Біздің табиғатты аялау туралы дәрісімізді естіген балалар үйге келген соң, ата-аналарының да қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауын өтінеді», - дейді министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров. Экология министрлігі кезекті рет ел азаматтарын табиғатта демалудың қарапайым қағидасын сақтауға, қоқысты қалдырмай алып кетуге, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады. Әйтпесе мемлекет экологиялық заңнаманы бұзушыларды қатаң жазалауға мәжбүр болмақ. Министрлік қазақстандықтар басқалардың табиғатқа зиян келтіруіне бей-жай қарамауға, ондай жағдай орын алып жатса туралы қауырт желіге хабарлауын сұрайды. Экология министрлігі адамдар демалатын жерлерге, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарға қоғамдық рейд жүргізуді жалғастырмақ. inform.kz Фото:weproject.media

100 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор
Келесі мақала Ақтоты Райымқұлова Абай күнімен құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *