Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Тамыз, 2020

Әлем ғалымдары Абай мұрасы жайлы пікір алмасты

Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан мен Қырғыз елінің ғалымдары Абай туралы толғады. Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған халықаралық онлайн конференцияға қатысушылар «Абай: тарих және қазіргі заман» тақырыбында пікір алмасты. Аталған елдің бәрінде «Абай орталығы» ашылған. Онда ұлы ақынның мол мұрасымен танысуға мүмкіндік бар. Шет елдерден онлайн байланысқа шыққан ағартушылар қазақ ақынының шығармашылығын зерттеп жүр. Олардың айтуынша, Абайдың өз заманында айтқан өсиеті қазір де мәнін жойған жоқ. Әсіресе, адамгершілік пен еңбекке үндейтін өлеңдерін кеңінен насихаттау керек дейді. Айгүл Сәдуақасова, ҚХА ғылыми сарапшылық кеңесінің төрайымы: –«COVID-19-ға» қарсы күрес жүріп жатқан қазіргі кезде ең бастысы, біз адамның арасында осындай мейірімділік, махаббат сезімдерінің болуы. Түйіндеп айтқанда Абайдың мұрасы көбіне осыған бағытталған. Ғылым, білім, кәсіп керек деді.  

760 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз