Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Тамыз, 2020

ЮНЕСКО қорғауындағы ескерткіштер қирап жатыр

Йеменде ЮНЕСКО қорғауындағы ескерткіштер қирап жатыр. Йемен астанасы Сана қаласының тарихи ғимараттары табиғаттың мінезіне шыдас берер емес. Толассыз жауған нөсерден ЮНЕСКО-ның қорғауындағы ескерткіштер езіліп, құлап жатыр. Осы аптада Сананы басқарып отырған хусит көтерілісшілері ЮНЕСКО-ға қала мұрасын сақтауға көмек көрсетуге өтініш білдірді. Олардың айтуынша, соңғы апталарда 110-нан астам үй құлаған. Ұзақ уақыт бойы соғыстың зардабын көрген ғимараттар адамның қолымен де қиратылды. Қазір ескі қаладағы 5000-ға жуық қызыл ғимараттардың шатыры тесік, ал 107-сінің төбесі жартылай құлаған. Әдетте сәуірдің ортасында басталып, қыркүйектің басына дейін жалғасатын жаңбыр әлем мұрасын сақтап тұруға кедергісін келтіреді. Сана қаласы ескі мешіттерімен, ХІ ғасырға дейін салынған 6000-ға жуық кірпіш үйлерімен танымал. Халет Әл-Ибраһим, тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің басшысы: – Бізде қызыл жалау ілінген, яғни қираған 129 ғимарат болған еді. Олардың саны күн өткен сайын көбейіп барады. Біз ЮНЕСКО және әлеуметтік даму қорымен 100 тарихи ғимаратты қалпына келтіру бойынша жұмысты бастадық. 40-ын қалпына келтірдік. Бұл ретте біз көмекке мұқтажбыз. Өйткені бұл қала әлемдік мұра орны және адамзат мұрасының бір бөлігі болып қала береді.  

94 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстандық боксшы IBF рейтингінен шығып қалды
Келесі мақала Елордада жаңадан спорт кешендері салынады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *