Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 10 Тамыз, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі тоқтады

Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ онлайн брифингінде осылай деді. «Коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады. Бірақ жеткен жетістікке қуанып босаңсуға болмайды, ендігі мінетіміз – індетті жұқтыру мен болып жатқан өлім жағдайларын тоқтату», - деді. 13 наурыздан бері елде 99 мың 442 адам коронавирус жұқтырғанын айтып өтті. 72523 адам жазылып шыққан.  

475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз