Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 11 Тамыз, 2020

Өңдеу өнеркәсібі озық қарқынмен өсуде

Өңдеу өнеркәсібі саласында жоғары өсім Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-шілденің қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті. «Өңдеу өнеркәсібі озық қарқынмен өсуде. Өсім 3,8 пайызды құрады. Бұл өсім негізінен фармацевтиканың 23,2 пайызға, дайын металл бұйымдарын өндірудің 18,6, машина жасаудың 13,9, оның ішінде автомобиль жасаудың 45,1, жеңіл өнеркәсіптің 7,3 пайызға өсуімен қамтамасыз етілді», - деді министр. Өңірлер бойынша жоғары өсім Қостанай (18,9%-ке), Түркістан (15,8%-ке), Солтүстік Қазақстан (8,8%-ке) облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Ақтөбе (-4,4%), Павлодар (-0,8%) және Батыс Қазақстан (-0,1%) облыстарында және Шымкент қаласында (-1,1%).  

92 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионға жетті
Келесі мақала Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші екі есеге жуық төмендеді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *